«Ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 262-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 159-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 262-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34543 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) айналым қаражатын толықтыру - ішкі сауда субъектісі кредитінің оның мәлімделген қызметімен байланысты және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 327 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36717 болып тіркелген) Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі - Тізілімді жүргізу қағидалары) сәйкес Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды, шикізат пен материалдарды сатып алуға бағытталатын нысаналы мақсаты;»;
2) тармақша алынып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) банк - «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банктік лицензия негізінде банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға;»;
1-тармақтың тоғызыншы - он бірінші абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын: